"Барселона" мен Испания құрамасының жарық жұлдызы Ламин Ямал футболсүйер қауымның назарын өзіне аударды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Шабуылшы өзі үшін аса құнды дүниенің не екенін жария етті.
Журналистердің "Үйіңіздегі ең қымбат зат не?" деген сұрағына 17 жасар футболшы былай деп жауап берді:
"Мен үшін үйімдегі ең қымбат дүние — Еуропа чемпионатының жартылай финалында Франция қақпасына соққан добым.” — деді Ямал.
Естеріңізде болса, ЕУРО 2024 турнирінің жартылай финалында Испания мен Франция арасындағы кездесу өте шиеленісті өткен болатын. Дәл осы матчта Ямалдың алыстан бағыттаған жойқын соққысы турнирдің ең әдемі голдарының біріне айналып, есепті теңестірді. Кейіннен Дани Ольмо екінші голды соғып, Испания 2:1 есебімен жеңіске жеткен еді.
Бұл жеңіс “Қызыл фурияның” финалға жол ашып, кейіннен Англияны тізе бүктіріп, Еуропа чемпионы атануына негіз болды.