Ламин Ямалдың әкесі 23 жастағы қызға үйленбек

05.11.2025, 22:05

Испаниялық БАҚ-та футболшы Ламин Ямалдың отбасы жайлы жаңа жаңалық қызу талқылануда. Белгілі болғандай, Ямалдың әкесі Кристина есімді 23 жастағы қызбен бірге ортақ жазба жариялаған.

Ламин Ямалдың әкесі 23 жастағы қызға үйленбек

Пост астындағы сақина эмодзилері жұптың ресми түрде отау құрғанын аңғартқандай. Бұл жағдайды кейбір Испандық басылымдар да растап отыр.

Кристина — Мадагаскар тумасы, ол Ямалдың анасы Мунира Насрауиден 16 жас кіші екен.

Желі қолданушылары бұл жаңалыққа таңғалып, түрлі пікір қалдыруда. Көпшілігі әлеуметтік желіде:

“Бұл отбасында не болып жатыр өзі?” — деп таңданысын жасыра алмауда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 4
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×