Латвияға қарсы тұрар жігіттер анықталды

14.02.2012, 22:24
Латвияға қарсы тұрар жігіттер анықталды
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мирослав Беранек Латвияға қарсы рейтингтік жолдастық кездесуге дайындалатын футболшылардың есімдерін атады. Айта кетейік, бұл матч ақпанның 29-ында Түркияның Анталия қаласында өтеді.   Қақпашылар: Владимир Логиновский («Жетісу»), Антон Цирин («Ақжайық»), Андрей Сидельников («Ақтөбе») Қорғаушылар: Юрий Логвиненко («Ақтөбе»), Марк Гурман («Астана»), Нұртас Кургулин («Тараз»), Михаил Рожков («Астана»), Александр Киров («Шахтер»), Қайрат Нұрдаулетов («Астана»), Мұхтар Мұхтаров («Астана»), Евгений Горячий («Астана»), Елдос Ахметов («Тараз») Жартылай қорғаушылар: Марат Хайруллин («Ақтөбе»), Серікжан Мұжықов («Жетісу»), Ұлан Қонысбаев («Астана»), Марат Шахметов («Астана»), Жамбыл Көкеев («Шахтер»), Виталий Евстигнеев («Ақтөбе»), Бауыржан Исламхан («Тараз») Шабуылшылар: Сергей Остапенко («Астана»), Дәуренбек Тәжімбетов («Ордабасы»), Таңат Нөсербаев («Астана»), Сергей Гридин («Астана»), Сергей Хижниченко («Шахтер»), Алексей Щеткин («Жетісу») Қазақстан және Латвия ұлттық құрамаларының жолдастық кездесуі қос команданың оқу-жаттығу жиыны аясында өтеді. Біздің құраманың жиыны 22 ақпаннан наурыз айының 1-іне дейін жалғасады. http://kff.kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×