Лаутаро «Барсаға» ауысқым келеді депті

Футболшының өзі ауысқысы келеді екен.
Лаутаро «Барсаға» ауысқым келеді депті

"Интер" шабуылшысы Лаутаро Мартинес клуб басшылығымен сөйлесіпті. Онда ол "Барселонаға" ауысқым келеді деп тіке айтыпты. Италия клубының менеджерлері енді трансфер бағасына келісуді қарастырып жатыр. Бастапқыда олар "Барселонадан" 111 миллион еуро сұраса, енді әлемдік дағдарыстан соң 90 миллион сұрауды жөн санапты. Сонымен, Мартинестің бағасы 90 миллион.

22-жасар Лаутаро биылғы маусымда 16 гол соғып тастаған. Аргентиналық шабуылшы Лео Мессимен тандем құрғысы келеді. Сондықтан да, ол "Интермен" келісімді одан әрі созуға келіспеді. Оның келісімі 2023 жылдың 30 маусымына дейін есептелген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×