Лаутаро Мартинес “Қайрат” қақпасына гол соғуды көздеуде

Аргентиналық шабуылшы үш матч қатарынан гол соға алмай келеді. 

Лаутаро Мартинес “Қайрат” қақпасына гол соғуды көздеуде

28 жастағы Лаутаро ішкі чемпионаттың “Наполи”, “Фиорентина” және “Верона” секілді ұжымдарына гол соға алмай кетті. Ертеңгі ойында Кристиан Киву шабуыл шебіндегі футболшыларға ротация жасай қоймайтыны анық. Сол себепті негізгі құрам форварды Лауторо жарақатынан айыққан сенімді серігі Маркус Тюраммен қосылып, “Қайрат” қорғаушыларын былайда-былай жүгіртейін деп тұр. Оның үстіне ертең Александр Мартыновичті алаңнан көре алмайтын болдық. Команда капитаны ойда-жоқта қатардан шығып, қорғанысты қараусыз қалдырды. Осының барлығын мысалға алатын болсақ, Мартинес ертең кемі дубль немесе хэт-трик жасауы мүмкін. 

Айтпақшы, аргентиналық бұған дейін “Славия” мен “Монакоға” қарсы өткізген Чемпиондар Лигасындағы матчтарында қанжығасын майламай кетпеді. Ішкі чемпионатта ойыны жүрмегенімен, Мартинес еурокубокте біраз шайқап жатқаны бар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Интер Милан
Aladop Youtube
×