Әлдаир Әділов “Жеңіс” клубында қалатын болды

23 жастағы қорғаушы елордалық команда сапында 2024 жылдан бері өнер көрсетіп келді.

Әлдаир Әділов “Жеңіс” клубында қалатын болды

Биылғы маусымда Әлдаир Премьердің мүмкін болған 26 кездесуінің 7 қатысты. Бір қызығы Әділов шыққан ойындарда “Жеңіс” жеңілістің кермек дәмін татпады. 

Айта кетейік, жас қорғаушы жергілікті футболдың түлегі. Ол 2016/17 жылғы маусымда Барселонадағы “Марсет” академиясында тәлім алып келді. Одан үш жыл өткен соң, БГУ Минск ұжымының дублінде ойнап қайтты. 

Еске салсақ, “Жеңіс” клубы бұған дейін Мади Хасейн, Адильо Сантос және Ардақ Сәулеттің келісімдерін тағы бір маусымға создыртқан еді.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×