Польша Суперкубогы үшін өткен матчта ел чемпионы Познаньның «Лех» командасы мен Варшаваның «Легиясы» кездесіп, тартысты ойында варшавалықтар 2:1 есебімен жеңіске жетті.
«Легия» сапынан алғашқы голды 33-минутта Павел Вшолек соқса, 44-минутта Илья Шкурин есепті еселей түсті. «Лех» сапынан Филип Шимчак қана 81-минутта көзге түсті. Осылайша «Легия»Польша Суперкубогының иегері атанды. Бұған дейін клуб бұл трофейді 1989, 1994, 1997, 2008 және 2023 жылдары жеңіп алған.
Айта кетейік, варшавалық клуб қазіргі таңда 2025/26 жылғы Еуропа Лигасының іріктеу кезеңінде Қазақстанның «Ақтөбе» командасымен кездесіп жатыр. Алғашқы матч 10 шілдеден 11 шілдеге қараған түні Варшавада өтіп, «Легия» 1:0 есебімен жеңіске жетті. Қарымта кездесу 17 шілде күні Ақтөбеде өтеді.