«Легияның» бас бапкері «Ақтөбеге» қарсы кездесу жайлы: бізді үлкен сынақ күтуде

10.07.2025, 11:50

«Легияның» бас бапкері Эдвард Иордэнеску Еуропа Лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі «Ақтөбемен» болатын матч туралы ойымен бөлісті.

«Легияның» бас бапкері «Ақтөбеге» қарсы кездесу жайлы: бізді үлкен сынақ күтуде
«Ақтөбе» футболшыларының жаттығуы

«Ақтөбе» жақсы команда. Олар маусымның ортасына жетті әрі ойын ырғағында. Төрт-бес жаңа футболшылары бар. Еурокубоктік тәжірибелері де жеткілікті. Мүмкін, онда айтарлықтай жетістікке жетпеген де шығар, әйтсе де бұл азулы қарсылас. Бізді үлкен сынақ күтуде және оған дайын болуымыз тиіс. Матчтың басынан-аяғына дейін тек қана жеңіске жетуді ойлауымыз керек», - деді Э. Иордэнеску польшалық клубтың баспасөз-қызметіне берген сұқбатында. 

Командалардың бірінші ойыны бүгін түн ауғанда Варшавада, ал қарымта кездесу 17-шілдеде Ақтөбеде болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×