Легионер Қазақстан чемпионатындағы олқылықты атады

29.11.2025, 14:13

"Оқжетпес" клубының сербиялық жартылай қорғаушысы Никола Цуцкич Қазақстан Премьер лигасындағы кейбір кемшіліктерге тоқталды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Легионер Қазақстан чемпионатындағы олқылықты атады

Футболшының айтуынша, чемпионаттағы  командалардың стадиондарында инфрақұрылымдық мәселелер бар.

Цуцкич:

“Клубтардың стадиондарындағы жағдайды кемшілік деп айтуға болады. Бірақ федерация мен мемлекет бұл бағытта жұмыс істеп жатқанын қазір байқап жүрмін. Осы кемшіліктері бар стадиондар толық жөнделіп, ретке келсе, Қазақстандағы футбол сапасы да айтарлықтай жақсарады деп ойлаймын.” — деді ол Sports.kz сайтына берген сұхбатында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×