ҚПЛ-де доп тепкен ресейлік футболшы Кирилл Маляров Қазақстан және Беларусь біріншіліктерін салыстырып, пікірін айтты.
Ресейлік футболшының айтуынша, Қазақстан премьер-лигасы Беларусьтен мықты.
«Қазақстандағы футбол деңгейі, сөзсіз Беларусьтегіден әлдеқайда жоғары. Мұның бір басты ерекшелігі бар – қазақ командалары еурокубоктерде бақ сынайды. Мысал үшін «Қайрат» қазір Чемпиондар Лигасында өнер көрсетуде, бұл дегеніңіз керемет! Біздің Бірінші лигадан көптеген жастар Қазақстанның премьер-лигасына барып жатады. Ал ол жақтан жас болмаса да болашағынан үміт күттіретіндері Ресейге келеді. Осылайша екі ел арасында айырбас жүреді. «Қайрат» немесе «Астана» футболшыларының деңгейлері жоғары екені түсінікті, бірақ Қазақстан чемпионатындағы біраз футболшыдан Ресейдің Бірінші лигасында ойнайтын ойыншылар кем емес», - деді К. Маляров «Betonmobile.ru» сайтына берген сұхбатында.
Кирилл Маляров қазір Ресейде «Шинник» командасының намысын қорғайды. 2002-жылы Магомед Адиевтің «Шахтерінде» доп тепкен. Қарағандылық клуб жейдесіндегі бір маусымнан кейін отанына оралды.