Легионерлер деңгейі өте төмен... Қазақ жанкүйерлері «Қайраттың» шетелдік футболшыларына қатты шүйлігуде

27.11.2025, 11:32

ЧЛ жалпы кезеңінің 5-турындағы «Копенгаген» - «Қайрат» матчынан кейін отандық фанаттар алматылық клубты біраз сынға алды.

Легионерлер деңгейі өте төмен... Қазақ жанкүйерлері «Қайраттың» шетелдік футболшыларына қатты шүйлігуде
"Копенгаген" - "Қайрат" кездесуі

Дәлірек айтсақ, жанкүйерлері әлем желіде «Қайраттың» бірқатар легионерінің өнеріне риза еместігін ашық білдіріп, жазба қалдырған болатын.

«Громыко Жоржино заменге отыргызғаннан кейін ғана ойын жүрді ғо»:

«Легионерлер деңгейі өте төмен»;

«Олимпиакоспен ойнасак ұтыламыз»;

«Жас жігіттер қазақ футболын болашақта алға сүйрейтін»;

«Реалға» қарсы ойынына қарағанда «Олимпиакоспен» «Қайраттың» ешқандай мүмкіндігі жоқ», - делінген қазақ жанкүйерлерінің жазбаларында.

«Қайрат» болса еурокубоктің 5 турынан кейін 1 ұпаймен отыз бесінші орынға жайғасуда. Ал «Копенгаген» 4 ұпаймен жиырма тоғызыншы орынға көтерілді.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Масқара 2
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×