Легионерлер не үшін қажет?

Инсайдер Қазбек Тайланов Премьер-лиганың жаңа маусымы алдында ең сәтті трансферлер жасаған ұжымдарға тоқталып, легионерлер шектеуінің алынып тасталынуы ел футболына қандай өзгеріс әкелетінін саралап өтті.

Легионерлер не үшін қажет?

Легионерлерге шектеу алынды, кейбір клубтар осы жағдайды тиімді жағынан қолдана алса, әлде бір клубтар менеджменттің төмен деңгейінің әсерінен тоқырау алдында тұр десек болады.

Осы орайда «Тұран», «Жеңіс» және «Атырау» клубтарын атап өткім келеді, бюджеті бойынша ТОП-6 командаға кірмеседе құрамдарын жақсы легионерлермен жасақтап, алғашқы турларда жақсы ойын деңгейін көрсетіп, тіпті фавориттермен теңбе-тең дәрежедегі ойын өрнегін көрсетті.  “Тұран” - клубының құрамын алып қарасаңыз Чонг, Вака, Мавутор, Яколиш секілді сапалы легионерлермен жасақталған.  “Тобыл” клубымен ойында  біраз уақыт бойы   тойтарыс берсе, “Қайрат” клубына қарсы ойында тіпті 3-ұпай таласа алатын ойын деңгейін көрсетті.  

Осындай жағдайлар КПЛ деңгейінің өсуіне үлкен әсер береді.

Мысалға айтқанда Әділет Садыбеков  үнемі қорғаныстан шықпай сапасыз легионерлері толып тұрған “Қайсарға” қарсы ойында өзінің деңгейін шыңдай ала алмайды Қазақстанда ТОП-клуб саналмасада фавориттерге қауқар көрсете алатын “Тұран”, “Елімай”, “Атырау” клубтарына қарсы ойында өз деңгейін шыңдап Ұлттық құрама бапкерінің көзіне түседі.

ҚПЛ-дағы клубтары осындай тенденция ұстанғаны дұрыс, егер құрамына 12 бірдей легионер шақыруға қауқарын жетпесе немесе өз түлектеріңмен ойнаймын деп шешетін болсан  ондай жағдайда 2-3 жақсы деңгейдегі легионерлерді шақыр, “Қайсар” клубы 8-9 сапасыз легионерді өз құрамында ұстап айлықтарын төлеп отыр, ондай легионерлер ҚПЛ деңгейін түсіреді, Юденков, Норбековтердің қажеті қанша бізге егер олар “Қайсар” футбол орталығы түлектерінің деңгейінен 2-3 бас жоғары болмаса?

Дәл сондай жағдай “Шахтер”,  “Жетысу” клубтарында менеджменттің төмен деңгейі байқалуда.

“Жеңіс”, “Атырау”, “Елімай” клубтарында осы маусым аралықта жақсы легионерлермен жасақталды, өзіндік ойын стилі бар клубтар, бұл клубтар әлі талай фавориттерден ұпай алады.

Легионерлерге шектеудің алынуы “Астана”, “Тобыл”, “Ордабасы”, “Ақтөбе”, “Қайрат” секілді бес бірдей ірі деңгейдегі клубтардың қалыптасуына әкеліп соқты. Тіпті кезіндегі “Астана” клубының Европадағы жетістіктеріне “Қайрат” клубының бәсекелестікті жоғары деңгейге көтеруі үлкен әсерін берді. Сондай-ақ бұл еврокубоктерде ойнайтын клубтарымызға оң әсерін беретіне кәміл сенемін. Ұлттық құрама ойыншыларының деңгейі тек шынайы жоғары деңгейдегі бәсекелестік жағдайында ғана шыңдалады, сол себпеті клубтарымыз тек жоғары деңгейдегі легионерді алса деп тілейміз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

ҚПЛ футбол
×