Әлем чемпионатының финалын жүргізген: «Селтик» - «Қайрат» матчында кім төреші болады?

19.08.2025, 15:33

Еуропалық футбол қауымдастығы Шотландияның «Селтик» және алматылық «Қайрат» командалары арасындағы Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі алғашқы матчын басқаруға сеніп тапсырылған төрешілер құрамын жариялады.

Әлем чемпионатының финалын жүргізген: «Селтик» - «Қайрат» матчында кім төреші болады?

Кездесудің бас төрешісі – Норвегия өкілі Эспен Эскос. Оған қапталдағы көмекшілер ретінде отандастары Ян-Эрик Энган мен Андерс-Олав Дале тағайындалды.

Эспен Эскос бұған дейін 2023 жылы 17 жасқа дейінгі әлем чемпионатының финалында Германия – Франция ойынында бас қазы болған. Сондай-ақ, ол Париж Олимпиадасында да 3 ойынға төрелік жасады.

VAR жүйесінің жұмысына нидерландтық рефери Деннис Хиглер жауап береді, оған Эрвин Бланк көмектеседі. Ал төртінші төреші қызметін Нидерландтан келген Мариус Хансен-Гретта атқарады.

Алғашқы ойын 21 тамыз күні астаналық уақытпен 00:00-де Глазгодағы аңызға айналған «Селтик Парк» аренасында өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×