Күнтізбеге сәйкес, кеше 8 ойын өтті.
Іріктеудің ең көп фанат жинаған кездесу Хожувтағы “Шленск” стадионында өткен Польша - Финляндия ойынында тіркелді (3:1).
Алаң иелерінің финндерден кек қайтарған сәтін көру үшін матчқа 50 897 адам келіпті. Жалпы Хожувтағы спорттық нысан 54 378 жанкүйерді қабылдай алады.
Қалған ойындардағы жанкүйерлер көрсеткіші:
2.Грузия - Болгария - 44 077
3.Германия - Солтүстік Ирландия - 43 169
4.Түркия - Испания - 32 059
5.Бельгия - Қазақстан - 15 119
6.Литва - Нидерланды - 14 797
7.Македония - Лихтенштейн - 8 693
8.Люксембург - Словакия - 8 487
Іріктеудің бүгінгі күнінде 7 матч болады. Онда Швейцария - Словакия, Косово - Швеция, Беларусь - Шотландия, Гибралтар - Фарер Аралдары, Израиль - Италия, Грекия - Дания құрамалары өздері арасында кім мықтыны анықтайды.