Әлем чемпионы мансабына нүкте қойды

11.09.2025, 13:45

Әлем чемпионы, Франция құрамасының бұрыңғы қақпашысы Стив Манданда ресми түрде кәсіби мансабын аяқтағанын хабарлады.

Әлем чемпионы мансабына нүкте қойды

L’Equipe басылымына берген сұхбатында Манданда бұл шешімді оңайлықпен қабылдамағанын атап өтті:

“Маған шешім қабылдау үшін уақыт қажет болды. Бұл оңай емес. Ұсыныстар болды, бірақ барлығынан бас тарттым. Ақыры, мансабымды аяқтайтын кез келгенін түсіндім.” – деді ол.

Манданда карьерасындағы ең жарқын кезеңін “Марсель” клубында өткізді. Осы команда сапында ол Франция чемпионы атанып, үш мәрте ел Кубогын және екі рет Суперкубокты жеңіп алды.

Франция қақпасын ұзақ жылдар бойы қорғаған қақпашы 2018 жылы өзінің ең үлкен жетістігіне жетті яғни Дидье Дешам баптаған команда құрамында Әлем чемпионы атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×