Әлем футболында -1 клуб.

20.08.2025, 19:36

Футбол әлемінде тағы бір футбол клубы жойылу алдында тұр. Француздық "Аяччо" футбол клубы өздерін банкрот ретінде жариялау үшін, құжаттарын дайындауда. Бұл туралы Le Parisien баспасы жариялады. 

Әлем футболында -1 клуб.
"Аяччо" ФК

Дереккөздің хабарлауынша дүйсенбіде, яғни, 18 тамыз күні корсикандық клуб Аяччо қаласының коммерциялық сотына банкроттық жайлы арыз тастаған. Бұл процедура «Аяччо» клубының 180 қызметкерін жұмыстан босатуды және мамыр айында Лига 2-дегі ең үздік орталықтардың бірі деп танылған клубтың жаттығу орталығын жабуды білдіреді.

Осыған дейін Ұлттық Франция футбол клубтарын басқару және бақылау дирекциясының (DNCG) шешімі бойынша қаржылық қиыншылыққа байланысты “Аяччо” келесі маусымнан бастап, ұлттық жарыстарға қатыса алмайды. Өткен маусымның қорытындысы бойынша “Аяччо” 2 Лиганың турнирлік кестесінде 12-орын алды.

“Аяччо” өз тарихында екі рет 2 Лиганы екі рет және бір рет үшінші дивизион чемпионатын ұтып алды. Соңғы рет корсикандық клуб дәл осы француз біріншілігінің жоғарғы дивизионында 2022/2023 жылғы маусымда ойнады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Франция
Aladop Youtube
×