Әлем мойындаған Дастан Сәтпаев – Қазақстандық талант NXGN 2026 рейтингіне енді

Бүгін, 11:45

Goal басылымы футбол әлеміндегі ең үздік 50 вундеркиндтің дәстүрлі NXGN 2026 тізімін жариялады. Бұл рейтингке 2007 жылдың 1 қаңтарынан кейін туған, болашағынан зор үміт күттіретін жас таланттар енеді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Әлем мойындаған Дастан Сәтпаев – Қазақстандық талант NXGN 2026 рейтингіне енді
Goal.com

Қазақстандықтар үшін биылғы тізімнің ең басты жаңалығы — "Қайраттың" жас жұлдызы Дастан Сәтпаевтың 43-ші орынға тұрақтауы.

Goal сарапшылары Дастанды әйгілі Серхио Агуэромен салыстырып отыр. Оның физикалық деңгейі мен қақпа алдындағы сабырлығы Лондондағы алпауыттардың назарын ерте аударған. "Челси” 17 жасар шабуылшыны өз сапына қосу үшін "Қайратпен” 4 млн еуроға келісіп қойғаны белгілі. Осы жазда Сәтпаев "Стэмфорд Бриджге” аттанады деп күтілуде.

Еске салсақ, Дастан Сәтпаев әлемдік деңгейдегі рекордтарды жаңартып үлгерген.

Ол былтыр желтоқсанда Чемпиондар лигасында гол соғып, бұл турнир тарихында Ансу Фати мен Ламин Ямалдан кейінгі ең жас гол авторы атанған болатын.

Сонымен қатар, Дастан Қазақстан ұлттық құрамасы тарихындағы ең жас дебютант әрі ең жас гол соққан ойыншы.

Өткен маусымда ол "Қайрат" сапында 14 гол соғып, 7 нәтижелі пас берді.

Басылымның жазуынша, бұған дейін әлемдік футбол жанкүйерлері Қазақстандық аңыз футболшыларды жатқа білмесе, енді Дастан бұл олқылықтың орнын толтырмақ.

NXGN 2026: Үздік ондық

Тізімнің көшін "Барселона” мен "Челсидің” жас жүлдыздары бастап тұр:

1. Ламин Ямал (Барселона)

2. Эстевао (Челси)

3. Пау Кубарси (Барселона)

4. Франко Мастантуоно (Реал Мадрид)

5. Леннарт Карл (Бавария)

6. Макс Доуман (Арсенал)

7. Лука Вушкович (Тоттенхэм — Гамбургте жалда)

8. Айюб Буадди (Лилль)

9. Джовани Кенда (Спортинг)

10. Итан Нванери (Арсенал — Марсельде жалда)

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×