Әлемдегі ең үздік стадионның аты белгілі болды

09.04.2024, 23:24

FourFourTwo танымал басылымы әлемдегі ең үздік стадиондарды жіктеп шықты.

Әлемдегі ең үздік стадионның аты белгілі болды

Журналдың нұсқасы бойынша әлемдегі ең үздік стадион Аргентинадағы “Бомбанера” спорттық нысаны екен. Буэнос-Айрестің Ла-Бока аймағында орналасқан архитектуралық нысан 57 395 адамды құшақ жая қарсы алады. Бұл стадионды өзгелерден ерекшелейтін бір конструкция бар. Ол трибуналарда жанкүйерлер секірген кезде теңселіп, келген адамдарға ұмытылмас сезім сыйлайды.

Жалпы басылым таңдауы бойынша үздік деп танылған топ-15 стадион:

1. "Бомбонера" (Буэнос-Айрес, Аргентина)

2. "Маракана" (Рио-де-Жанейро, Бразилия)

3. "Сигнал Идуна Парк" (Дортмунд, Германия)

4. "Айброкс" (Глазго, Великобритания)

5. "Монументаль Антонио Веспусио Либерти" (Буэнос-Айрес, Аргентина)

6. "Ацтека" (Мехико, Мексика)

7. "Камп Ноу" (Барселона, Испания)

8. "Тоттенхэм Хотспур Стэдиум" (Лондон, Англия)

9. "Уэмбли" (Лондон, Англия)

10. "Сан-Сиро" (Милан, Италия)

11. "Йохан Кройфф Арена (Амстердам, Нидерланды)

12. "Сантьяго Бернабеу" (Мадрид, Испания)

13. "Метрополитано" (Мадрид, Испания)

14. "Олимпиаштадион" (Берлин, Германия)

15. "Велодром" (Марсель, Франция).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0

Тегтер:

футбол
Серіктес жаңалықтары
×