Футбол әлемінде бапкерлік ауыс-түйістер жалғасуда. Бұл жолы әңгіме Тәжікстан ұлттық құрамасы жайлы. Жақында Гела Шекиладзе мен Леван Хомерики ұлттық және олимпиадалық командалардың бас бапкерлері қызметінен босатылды. Осы жағдайдан кейін сарапшылар жаңа үміткерлер жайлы болжамдар айтуда.
Футбол шолушысы Александр Троицкий пікірінше, Тәжікстанға шетелдік маман шақыру оңай емес. Себебі, федерацияның қаржылық мүмкіндіктері шектеулі. Яғни, әлемдік деңгейдегі танымал жаттықтырушыны шақыруға жағдай жеткіліксіз.
Троицкийдің айтуынша, ең тиімді шешім – көршілес елдердің бапкерлеріне назар аудару. Мәселен, Ислам Ахмедов немесе қазір Өзбекстан құрамасын уақытша басқарып отырған Тимур Кападзе нақты үміткерлер қатарында. Әсіресе, егер Кападзе Өзбекстан құрамасынан кетсе, ол Тәжікстан үшін құнды нұсқа болмақ.
Айта кету керек, Өзбекстан футбол федерациясы ұлттық құраманы шетелдік маманға сеніп тапсыруды жоспарлап отыр. Бұл өз кезегінде Тәжікстанға аймақтағы тәжірибелі Өзбек мамандарын тартуға мүмкіндік беруі мүмкін.