Жаңа жүлдені ФИФА осы жылы бекітетін болады.
Топтан оқ бойы оза шапқан футболшыларға жаңа жүлде Дубай жерінде тұрақты түрде ұсынылып отыратын болады. Неге десеңіздер, Дубайдың спорттық кеңесі ФИФА-мен келісімге келіп, осы бір жобаның жүзеге асуына мұрындық болып жатып екен.
Егерде бұл премия футболға кіріктірілсе, онда Усман Дембеле 2016 жылдан бері табысталып келе жатқан The Best жүлдесін соңғы болып жеңіп алған аяқдопшы есебінде тіркелмек.
Жалпы тарихты ақтара келсек, ФИФА жылдың үздік ойыншысы 1991 жылдан бері анықтап келеді. Әлемдегі ең престижді саналатын “Алтын доп” жүлдесін де осы ұйым табыстап жүр.