«Әлемдік жұлдызға айналуына барлық мүмкіндігі бар». «Слован» бапкері Дастан Сәтпаевтың талантына тәнті

06.08.2025, 10:24

«Слован» бас бапкері Владимир Вайсс ЧЛ 3-іріктеу кезеңінің бірінші матчының қарсаңында баспасөз-мәслихатына қатысып, БАҚ өкілдерінің Бауыржан Исламхан мен Дастан Сәтпаев туралы сауалына жауап берді.

«Әлемдік жұлдызға айналуына барлық мүмкіндігі бар». «Слован» бапкері Дастан Сәтпаевтың талантына тәнті
Дастан Сәтпаев командаластарымен

Естеріңізде болса, словакиялық маман алматылық клубты жаттықтырғанда Бауыржан Исламханмен жұмыс істеген болатын. Жалпы, В. Вайсс «Қайратты» 3 маусым жаттықтырып, екі рет Қазақстан Кубогін еншіледі.  

«Исламхан мен Сәтпаевты талант жағынан салыстырар болсақ, Бато (Исламханның лақап аты) анағұрлым техникасы жетілген футболшы. Ал Сәтпаевтың артықшылығы - жылдам әрі соққысы мығым. Мен Бауыржанды жақсы көремін, оның дисквалификация алғаны өкінішті. Естуімше, қазір «Астанаға» ауысқан. Исламхан жақсы адам, тамаша ойыншы. Оған сәттілік тілеймін. Ал Сәтпаевқа келсек, 16 жаста ғана болса да, «Челси» сатып алып жатыр. Бұл таңғаларлық жағдай! Оның әлемдік жұлдызға айналуына барлық мүмкіндігі бар», - деді В. Вайсс.

«Қайрат» пен «Слован» арасындағы ойын бүгін 20:00-де басталады. Жауапты матч бір аптадан кейін Братислава қаласында өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 16
Ұнамайды 2
Күлкілі 1
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×