Әлемнің ең үздік дриблері кім?

17.10.2025, 08:00

Халықаралық спорттық зерттеулер орталығы (CIES) әлемдегі ең үздік дриблерлердің жаңа рейтингін жариялады. 

Әлемнің ең үздік дриблері кім?

Бұл рейтинг футболшылардың дриблинг сәттеріндегі тиімділігіне негізделген.

Тізімнің көшін күтпеген есім бастады. "Баварияның” жартылай қорғаушысы Майкл Олисе әлемнің ең үздік дриблері деп танылды. Одан  кейін "Реал Мадридтің” жұлдызы Винисиус Жуниор және "Манчестер Ситидің” таланты Жереми Доку орналасқан.

Ең қызығы — рейтингтен Лионель Месси, Килиан Мбаппе, Криштиану Роналду және Барселонаның жас жұлдызы Ламин Ямаль сияқты әйгілі ойыншылардың мүлде табылмауы. Бұл шешім футбол жанкүйерлері арасында қызу талқы тудырды.

CIES нұсқасы бойынша әлемнің үздік 10 дриблері:

Майкл Олисе ("Бавария") — 100 ұпай

Винисиус Жуниор ("Реал Мадрид") — 98,1

Жереми Доку ("Манчестер Сити") — 94,5

Дезире Дуэ ("ПСЖ") — 94

Алексис Вега ("Толука") — 92,3

Эстевао ("Челси") — 92

Нони Мадуэке ("Арсенал") — 92

Педру Нету ("Челси") — 91,6

Кенан Йылдыз ("Ювентус") — 91,3

Николя Пепе ("Вильярреал") — 91,2

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×