Лэмпард бәрін көндіреді

11.06.2020, 11:37
Бапкерің аңыз адам болса сол ғой.
Лэмпард бәрін көндіреді

«РБ Лейпциг» клубының шабуылшысы Тимо Вернер жазғы трансферде команда ауыстыратын секілді. "Зе Телеграф" агенттігінің ақпаратына сенсек неміс шабуылшысы «Челси» сапына ауысуға шақ қалыпты. Ағылшын клубы трансфер үшін 60 миллион еуро төлемек. Бұл шабуылшыға бірнеше клуб таласты. Алайда, бас бапкер Фрэнк Лэмпард пен техникалық кеңесші Петр Чех Тимоны көндіре білген сыңайлы. «Аякс» жартылай қорғаушысы Хаким Зиештің де «Челсиді» таңдауына осы екі маман ықпал еткен екен. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×