Мюнхендік "Баварияның" "Брюггеге" қарсы Чемпиондар лигасындағы ойынында жаңа батыр пайда болды. Бар болғаны 17 жастағы Леннар Карл алғашқы Еуропалық матчында алаңға негізгі құрамда шығып, бар-жоғы бес минутта-ақ гол соғып, тарихқа енді.
Жас Неміс таланты сол аяғымен айып алаңының сыртынан соққан тамаша добымен клуб тарихындағы Чемпиондар лигасындағы ең жас гол соққан ойыншы атанды. Бұған дейін бұл рекорд Джамал Мусиалаға тиесілі еді. Карл оның көрсеткішін 17 жас 242 күнінде жаңартты.
Ол Жонатан Тадан пас қабылдап, қарсыластың қорғаушысы Брэндон Мехеледен оңай өтіп, қақпашы Норден Джекерстің үстінен асыра соққан доп дәл тоғыздыққа бағытталды.
Голдан кейін Карл тізерлей отырып, қуаныштан көзіне жас алды.
УЕФА ресми түрде растағандай, Леннар Карл тек "Баварияның” емес, жалпы Неміс футболының тарихында Чемпиондар лигасында гол соққан ең жас ойыншы атанды. Тағы бір қызық жайт — ол дәл Мусиала сияқты 42-нөмірлі жейдемен алаңға шыққан.
Карлдың негізгі құрамға қосылуы көпшілікті таңғалдырды. Бас бапкер Винсент Компани жас ойыншыларға сенім артуымен белгілі. Ол бұған дейін Карл туралы:
"Ойынның мәнін ерекше түсінеді, доппен батыл әрекет етеді. Осындай ойлау қабілеті бар футболшылар сирек кездеседі.” – деп жоғары баға берген.
Осылайша "Бавария" академиясының түлегі өзіне берілген мүмкіндікті толық пайдаланып, болашағы зор ойыншы екенін дәлелдеді.