Леонель Струмия “Будучность” командасынан кетті

33 жастағы ойыншының черногориялық клубтағы келісім шарты аяқталып, еркін агент атанды.

Леонель Струмия “Будучность” командасынан кетті

Осы маусымда Струмия “Будучность” сапында тек 10 матчқа қана қатысып үлгерді. Ол 2025 жылдың жаз айында черногор ұжымына кипрлік АЕЛ Лимасолдан ауысып барған болатын. 

Оның алдында жартылай қорғаушы “Ақтөбе” сапында өнер көрсетіп, Қазақстан командасының капитаны атанды. Жалпы барлық турнирлерлі қосқанда, Леонель ақ-қызылдар жейдесінде 58 матч өткізіп, 1 гол соқты.

Трансфермаркет 2023/24 жылғы маусымдағы Қазақстан Кубогы иегерін 200 мың еуроға бағалайды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×