«Лестер» негізгі қорғаушысынан айырылды

20.10.2020, 03:27
Командада жарақат алған ойыншылардың саны үшеуге жетті. Үшеуі де негізгі құрам ойыншылары.
«Лестер» негізгі қорғаушысынан айырылды

"Лестер Ситидің" қорғаушысы Чаглар Сёюнджю алдағы матчтарда командасына көмектесе алмайды, деп хабарлады Sky Sports.

24 жастағы футболшы Түркия ұлттық құрамасының орналасқан жерінде жарақат алып, өткен демалыс күндері медициналық тексерістен өткен еді. "Лестердің" бас бапкері Брендан Роджерстің айтуынша, Чаглар үш айға футболдан шеттетілді.

"Лестер" қазіргі уақытта жарақатына байланысты жартылай қорғаушы Вильфред Ндиди мен шабуылшы Джейми Вардиге сене алмайды. Құрамы әлсіреген команда 18 қазан күні Англия Премьер-лигасының 5-турында "Астон Виллаға" есе жіберді (0:1).

Қазіргі уақытта "Лестер" 9 ұпаймен Англия чемпионатының турнирлік кестесінде төртінші орында тұр. Келесі турда Роджерс шәкірттері "Арсеналға" қарсы ойнайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×