Лев Скворцов ойнайтын "Шинник" Ресей Кубогының келесі кезеңіне шықты

25.09.2024, 20:44

Ресейдің ФНЛ лигасында өнер көрсететін Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Лев Скворцровтың командасы Ресей Кубогының 1/16 кезеңіне өтті.

Лев Скворцов ойнайтын "Шинник" Ресей Кубогының келесі кезеңіне шықты

Ярославлдің “Шинник” клубы қиыр шығысға қонаққа барып, “Динамо Владивосток” командасымен шеберлік байқасты. Ресей Кубогы Өңірлер жолының 1/32 кезеңінде сайысқа түскен қос команда негізгі уақытты 0-0 есебімен тең аяқтады. Ал пенальти сериясында “Шинник” аяқдопшылары дәлірек теуіп, 2-3 есебімен басым болды. Бұл кездесуде қазақстандық қорғаушы Лев Скворцов негізгі құрамда алаңға шығып, толық матч өткізді. Осылайша, ярославльдік клуб кубоктағы жорығын жалғастырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0

Тегтер:

футбол Ресей
Серіктес жаңалықтары
×