Левандовски Globe Soccer нұсқасы бойынша жылдың үздік ойыншысы атанды

28.12.2020, 06:05
Роберт бұған дейін ФИФА нұсқасы бойынша да жыл ойыншысы деп танылған еді.
Левандовски Globe Soccer нұсқасы бойынша жылдың үздік ойыншысы атанды

"Бавария" шабуылшысы Роберт Левандовски Globe Soccer нұсқасы бойынша 2020 жылдың ең үздік ойыншысы атанды.

Үміткерлер тізіміне Чиро Иммобиле ("Лацио"), Криштиану Роналду ("Ювентус"), Карим Бензема ("Реал Мадрид"), Лионель Месси ("Барселона"), Маркиньос ("Пари Сен-Жермен"), Садио Мане ("Ливерпуль") және Серж Гнабри ("Бавария") енген еді.

Globe Soccer веб-сайтын қолданушылар арасындағы дауыс беру кезінде Левандовски 38%, Роналду 42% дауыс жинады, бірақ қазылар алқасы бұл жүлдені поляк шабуылшысына беру туралы шешім қабылдады.

Еске салайық, өткен маусымда "Бавария" Германия чемпионы атанып, Чемпиондар лигасы мен ел кубогын жеңіп алған еді. Левандовски ФИФА мен The Guardian басылымының нұсқасы бойынша жылдың үздік ойыншысы атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×