Левандовски мансабындағы үздік ойынын атады

Абзалұлы Шерхан
Бас редактор
14.05.2020, 19:14
«Баварияның» орталық шабуылшысы Роберт Левандовски мансабындағы ең үздік матчты атады.
Левандовски мансабындағы үздік ойынын атады

Әрине бұндай ойындар өте көп болды. Дегенмен ерекше атап өтетін ойын - 2015 жылы "Вольсбургке" қарсы өткізген ойыным. Мен үшін ерекше күн болды. Негізіне келгенде қарсылас қақпасына 9 минутта 5 гол соғу деген мүмкін емес жағдай. Бірақ менің қолымнан келді. Дәл осылай жылдам гол соғамын деп ойламаппын да, үш ұйықтасам да түсіме кірмеді. Бұл матч менің есімде өмірімнің соңына дейін қалары сөзсіз.

Тағы бір айта кететін ойын 2013 жылы Чемпиондар Лигасында "Реал Мадридке" қарсы өткен ойын. "Реалдың" қақпасына 4 гол соққан сәтті де ешқашан ұмытпаймын. - деп жеткізді поляк ойыншыс Spox басылымына берген сұқбатында .

Айта кететін қызықты факт Роберт Левандовски 1960 жылдан бері "Реал Мадридке" покер жасаған (4 гол) тарихтағы алғашқы ойыншы атанған болатын. Ал бұл көрсеткішті алғашқы болып жасаған Френц Пушкаш болатын.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Келесі жаңалық
Феликстың арманы
Серіктес жаңалықтары
×