Левандовски покер жасады

05.10.2020 00:07 Бундеслига

«Бавария» бұл матчта үш гол жіберіп алды.

Левандовски покер жасады

Германия чемпионатының 3-тур матчында «Бавария» «Герта» командасын 4:3 есебімен жеңді. Кездесу Мюнхендегі «Альянц-Арена» стадионында өтті. Ойынды Беньямин Кортус бастаған төрешілер тобы басқарды, оған төрешілер Томас Штайн мен Рафаэль Фольтин көмектесті.

Есеп бірінші таймның соңында ашылды - 40-минутта Роберт Левандовски матчтағы алғашқы голдың авторы атанды. Екінші таймның басында мюнхендік клубтың басымдығын Левандовски арттырған болатын. 59-минутта Джон Кордоба Матеустің пасынан кейін есеп айырмасын қысқартты. Көп ұзамай Кшиштоф Пёнтектің нәтижелі пасының арқасында Матеус есепті теңестірді. 85-минутта Левандовски командасын алға шығарды. 88-минутта Джессик Нганкам қайтадан таразы басын теңестірді. Қосымша уақытта пенальтиден соғылған Левандовскидің голы "Баварияға" жеңіс әкелді.

Осылайша, соңғы минутта жеңісті жұлып әкеткен "Бавария" 6 ұпаймен төртінші орынға көтерілді. "Герта" болса 3 ұпаймен он үшінші орында тұр.

0 пікір