Левандовски жазда «Бавариядан» кетуі мүмкін

13.04.2022, 19:29
Мюнхендік клуб футболшыны сатуға дайын екен.
Левандовски жазда «Бавариядан» кетуі мүмкін

«Бавария» басшылығы шабуылшы Роберт Левандовскиді шамамен 70-80 миллион еуроға сатқысы келеді, деп хабарлайды инсайдер Джанлука Ди Марцио.

Дереккөздің айтуынша, каталониялық клуб поляк футболшысы үшін 30 миллион еуро төлеуге дайын. Бұған дейін «Барселонаның» Робертке салықты қоса есептегенде жылдық жалақысы 40 миллион еуроны құрайтын келісім-шарт ұсынатыны хабарланған еді.

33 жастағы шабуылшы «Баварияға» 2014 жылы қосылған болатын. Осы маусымда Левандовски барлық турнирлерде 40 матч өткізіп, 46 гол соқты, 4 нәтижелі пас берді. Оның мюнхендік клубпен келісім-шарты 2023 жылы аяқталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×