Левандовски жеке видео ойынын шығарады

17.12.2020, 01:04
Роберт видео ойындар әлемін бағындыруға кірісті.
Левандовски жеке видео ойынын шығарады

Польша құрамасы мен мюнхендік “Баварияның” шабуылшысы Роберт Левандовски RL9Sport Games деген атаумен видео ойындар жасайтын жеке студиясын ашты.

Қызметкерлер құрамында польшалықтар арасында танымал “Liga Polska Manager 95” ойынының негізін қалаған Рафал Циммерман да бар.

Ұжымның алғашқы ойыны “Football Coach the Game 2022” болмақ. Ойын компьютермен қатар смартфон қолданушыларына да қолжетімді болады.

Ойынның бапкер болудан өзге трансферлер жасау, тактика қою, ойыншылар қарым-қатынасын бақылау сынды тағы да басқа мүмкіндіктері бар.

Ойынның жарыққа шығу күні белгісіз, бірақ 2022 жылдан ерте шықпайды деген ақпарат бар.

Роберт Левандовски Бундеслигада 11 ойынға қатысып, 13 мәрте қақпаны дәл көздеп, төрт рет голдық пас беріп, сұрмергендер көшін бастап келеді.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×