Левандовский бір айға жуық уақытқа қатардан шықты

“Барселона” шабуылшысы өз командасының 26 қазан күні болатын эль-класикосына қатыспайды.

Левандовский бір айға жуық уақытқа қатардан шықты

Каталондық команда Роберттің Польша құрамасындағы жаттығуларынан кейін жарақат алып келгенін жеткізді. Жасы 37-ге келген шабуылшы сол жақ жамбастың артқы жағындағы бұлшықетін зақымдап алған екен.

As дерегі бойынша, Левандовский алдағы 4 апта бойы емханада емделмек. Осы себептен, Роберт өз командасының ең маңызды кездесуінен шет қалады.

Қазіргі сәтте “Барселона” сапында Роберттен бөлек, Ламинь Ямаль, Рафинья, Гави, Тер Штеген, Фермин, Гарсия және Ольмода жарақаты бар. Аталған ойыншыларда эль-класиконы шеттен бақылайтын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Барселона
Aladop Youtube
×