Әли Әлиев: Асхаттың 40-50 метр жерден асырған тура пастарын орталық шепте ойнайтын бірде-бір қазақ футболшысы бере алмайды

27.03.2025, 18:57

Әли Әлиев наурыздағы екі ойын барысында ұлттық команданың футболшылары жайлы біраз жылы пікір білдірген болатын. Солардың басын қосып, назарларыңызға тағы бір ұсынуды жөн көрдік.

Әли Әлиев: Асхаттың 40-50 метр жерден асырған тура пастарын орталық шепте ойнайтын бірде-бір қазақ футболшысы бере алмайды
Қазақстан құрамасы

Дастан Сәтпаев жайлы:

- Дастан Сәтпаев деген жарық жұлдыз. Оны Хусановпен салыстырғам жақында. 16 жасында Хусановты ешкім танымайтын, ал Дастанды осы жасында «Челсиге» жіберді. Дастанның қайталанбас талантын өзімнің көзіммен көрдім. Біздің елімізде туғанына қатты қуаныштымын. Оның ерекшелігі алаңда қашан және нені істеу керектігін білуінде. 16 жасында барлығын түсінеді. «Челси» керемет трансфер жасады деп есептеймін. Егер біз оны дұрыс дамытып, шеберлігін шыңдайтын болсақ, Мудриктен кем болмайды. Сөзсіз!».

Асхат Тағыберген жайлы:

- Дегенмен, екі ардагеріміз өте нашар ойнады дегенге келіспеймін. Асхаттың Самародовқа 40-50 метр жерден асырған тура пастарын қазіргі таңда ішкі чемпионатты бірде-бір орталық шепте ойнап жүрген қазақ футболшысы дәл олай бере алмайды». 

Дастан Сәтпаев пен Ғалымжан Кенжебек жайлы:

- Сәтпаев пен Кенжебекті шығардым, бірақ ол жерде басқаша да ойнауға болатын еді ғой. Асығыстық танытпайық. Бұл футболшылар біздің болашағымыз және пайдасын тигізбек. Қалай талпынып жүргендеріне куәмін».

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы сырт алаңда Лихтенштейнді 2:0 есебімен жеңді. Ұлттық команда сапынан Максим Самородов пен Александр Марочкин мергендік танытқан болатын. Енді Әли Әлиевтің шәкірттері 9-маусымда өз алаңында Солтүстік Македонияны қабылдайды. Одан кейінгі кездесу қыркүйектің төртінде Уэльске қарсы өтпек. Бұл матч Қазақстанның алаңында болады. Әзірге ұлттық құрама екі турдан кейін 3 ұпаймен үшінші сатыға жайғасқан.     

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×