Әли Әлиев: дәл осындай жағдайда Данияны да тізе бүктіріп едік қой

22.03.2025, 14:57

Бас бапкер Әли Әлиев Қазақстан құрамасындағы ораза айы жайлы айтып, футболшылардың қасиетті айдағы жай-күйіне тоқталды.

Әли Әлиев: дәл осындай жағдайда Данияны да тізе бүктіріп едік қой
Әли Әлиев

«Бұл ең жағымды тұсы, өйткені сенің ойыншыларың идеялармен шабыттанған, ал еліңнің өз дәстүрлері бар. Жігіттерге шыдамдылық пен құрмет танытқандары үшін алғыс! Олар ораза тұтты. Бір-екі футболшыдан басқасының барлығының аузы берік. Бірақ бұл кедергісін келтіреді деп ойламаймын, себебі дәл осындай жағдайда Данияны да тізе бүктіріп едік қой», - деді Әли Ханәліұлы. 

Бүгін Қазақстан Уэьспен, ал үш күн өткен соң Лихтенштейн құрамасымен шеберлік байқасады. Ал бас бапкердің Дания туралы айтып отырғаны, ұлттық команда осыдан екі жыл бұрын Еуропа чемпионатына іріктеу аясында Астанада Данияны 3:2-мен ұтып, айды аспанға шығарған болатын. Ол кезде де қазақстандық футболшылар ораза ұстаған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 2
Күлкілі 2
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×