Әли Әлиев: ең батысы тегеурінді құрама жасақтау және оны қалай істеуді білемін

26.03.2025, 16:50

Қазақстан құрамасы бас бапкерінің міндетін атқарушы Әли Әлиев наурыздағы қос ойынды қортындылап, құраманың ілгері басуына қажетті ой-пікірлерін алға тартты.

Әли Әлиев: ең батысы тегеурінді құрама жасақтау және оны қалай істеуді білемін
Уэльс- Қазақстан кездесуі

Бұл туралы Meta-ratings.kz мәлімдеген болатын.

«Федерация жүктеген тапсырма – Ұлттар лигасындағы сәтсіздіктен кейін команданың еңсесін тіктеп, рухын көтеру болатын. Уэльс пен Лихтенштейнге қарсы ойындарға нақты мақсат – біз еліміз бен туымыз үшін шайқасатын жауынгер командаға айналуымыз керек еді. Жан-жақтан келетін жанкүйерлер үйлеріне көңілді қайтатындай өнер көрсету керек болатын. Ретингте төмен тұрған командаларды міндетті түрде ұтуға тиістіміз.

Қазақстан құрамасындағы жұмысымды жалғастырсам деймін. Уэльспен ойын қай деңгейде болу керектігін көрсетіп берді. Сондай қарсыластарға қарсы бәсекелестік танытып ұпай ала алатын жауынгер команда жасақтау қажет. Ең батысы әлеуетті құрама жасақтау және оны қалай істеуді білемін», - деді Ә. Әлиев.

Қазақстан құрамасы сырт алаңда Лихтенштейнді 2:0 есебімен жеңді. Ұлттық команда сапынан Максим Самородов пен Александр Марочкин мергендік танытқан болатын. Енді Әли Әлиевтің шәкірттері 9-маусымда өз алаңында Солтүстік Македонияны қабылдайды. Одан кейінгі кездесу қыркүйектің төртінде Уэльске қарсы өтпек. Бұл матч Қазақстанның алаңында болады. Әзірге ұлттық құрама екі турдан кейін 3 ұпаймен үшінші сатыға жайғасқан.     

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×