
Ұлттық команда бас бапкерінің міндетін атқарушы Әли Әлиев Лихтенштейн құрамасымен болатын матч туралы жоспарымен бөлісті.
«Келесі ойынға қатысты белгілі бір жоспарымыз бар. Негізі қос ойынға бірдей дайындалған едік. Құрам сапында біраз ауыс-түйіс болады, өйткені жігіттер ауқымды жұмыс атқарды. Кейбірі өздерінің психологиялық тұрғыда да темір еместігін түсінулері қажет. Енді Лихтенштейнмен мүлде басқа ойын болады - алдыға қойылған тапсырманы шешеміз. Түсінесіздер ғой, біз ол жақтан міндетті түрде өз ұпайымызды еншілеп, үйімізге кішігірім болса да басымдықпен қайтуымыз керек», - деді қазақстандық маман.
Айта кетейік, кеше ұлттық команда ӘЧ-2026 іріктеу аясында Кардиффте Уэльспен кездесіп, 1:3-пен есе жіберді. Қазақстан сапындағы жалғыз голды капитан Асхат Тағыберген пенальтиден салған болатын. Енді Әли Ханәліұлының командасы 25-наурызда Лихтенштейн құрамасымен шеберлік байқасады.
Біздің серіктес: FONBET