Әли Әлиев: менің құрамада қалу-қалмауымды басшылық пен жанкүйерлер шешетін болады

25.03.2025, 20:56

Қазақстан құрамасы бас бапкерінің міндетін атқарушы Әли Әлиев өзінің команда тізгініндегі болашағы мен мақсат-міндеттері жайлы айтты.

Әли Әлиев: менің құрамада қалу-қалмауымды басшылық пен жанкүйерлер шешетін болады
Әли Әлиев

Sportnews.kz-ке берген сұқбатында Ә. Ханәліұлы ұлттық команданың өзінің өміріндегі орнына да тоқталып өткен болатын. 

«Менің құрамада қалу-қалмауымды басшылық пен жанкүйерлер шешетін болады. Мүмкін, мен  ұлттық команда сапында соншалықты көп ойынға қатыспаған да шығармын. Бірақ, маған бұл жер бәрінен де бағалы. Тимур Досмағамбетов айтқандай, біз бұл жерде мақсатымызға жеткенше барымызды салып жұмыс істеп, тіпті доп әкеліп беруге де дайынбыз», - деді қазақстандық маман. 

Әли Әлиев жыл басында ұлттық команданы тізгіндеп, іріктеу ойындарына дайындаған болатын. Қазақстан отандық маманның жаттықтыруымен ӘЧ-2026-ның іріктеуіндегі бірінші турда Уэльстен ұтылды (1:3). Енді бүгін екінші турда сырт алаңда Лихтенштейн құрамасымен кездесу өткізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×