Әли Әлиев: Самородов пен Оразовты байланыстыру үшін уақыт пен ойын кеңістігін табамыз

25.03.2025, 10:57

Қазақстан құрамасы бас бапкерінің міндетін атқарушы Әли Әлиев БАҚ-пен болған жиында Рамазан Оразовтың ойын бабына тоқталды.

Әли Әлиев: Самородов пен Оразовты байланыстыру үшін уақыт пен ойын кеңістігін табамыз
Рамазан Оразов

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы мен даниялық «Силькеборг» намысын қорғайтын жартылай қорғаушы соңғы уақытта ойын тәжірибесін аз алып, қатардан шығып қалып жүр. 

«Оразов өте дұрыс қортынды жасапты. Мансабында сәл жаңа бір серпіліс үшін құрама қатарына қосылып отыр. Өзінің командасында уайымдататын дүниелерінің барлығы байқалады. Бірақ біз Самородов пен Оразовты байланыстыру үшін уақыт пен ойын кеңістігін табамыз, олар бізге міндетті түрде нәтиже береді», - деді отандық маман. 

Рамазан Оразов 2025-жылы «Силькеборг» сапында Дания Кубогі аясында бір және чемпионаты сапында бір бәсекеде доп тепті. 

Қазақстан бүгін Вадуц қаласында Лихтенштейн құрамасына қарсы тұрады. ӘЧ-2026 іріктеуінің бірінші турында Уэльстен 1:3 есебімен ұтылған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×