Әли Әлиев: Шынымды айтсам, тағдыр ма жоқ біздің қақпаға бағытталған кез-келген соққының голға айналатынына ренжимін бе, білмеймін

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
15.05.2024, 09:17

«Қызыл-Жар» командасының бас бапкері Әли Әлиев өткен турда «Ақтөбеге» қарсы өткен ойын жайлы пікірін айтты. Қазақстандық маман шәкірттерінің ойынындағы көңілі толмайтын тұстарына тоқталып, қарсыластың деңгейі туралы да айтты

Әли Әлиев: Шынымды айтсам, тағдыр ма жоқ біздің қақпаға бағытталған кез-келген соққының голға айналатынына ренжимін бе, білмеймін
Әли Әлиев "Қызыл-Жар" ФК бас бапкері

«Иә, жағымсыз жағдай екенін түсінемін, бірақ не істеу керек? «Ақтөбе» чемпиондыққа үміткер команда. Алғашқы 15 минутта футболшылардың деңгейі байқалған, ал біздің жігіттер сылбырлық танытты. «Ордабасымен» өткен ойынмен салыстырғанда олар тактиканы өзгерткен. Алаңға 4-2-3-1 жүйесінде, арттағы «ондықпен» шықты. Алғашқы 10-15 минутта біздің ойыншылар үшін осындай тактикаға бой үйрету қиын соқты. Десе де, 15 минуттан соң бізге қажет ойынды көрсетті. Өкінішке қарай, «Ақтөбе» секілді командалармен бәсекеде болатын мүмкіндіктерді мүлт жібермеуің керек, өйткені ондай мүмкіндіктер көп болмайды. Цмиляновичтің айып алаңындағы ұрымтал тұстан неге соққы жасамайтынын түсінбеймін. Ал қарсыласта керісінше, екінші таймда қақпаға бір соққы бағыттайды және Байтана гол соғып кетеді. Шынымды айтсам, тағдыр ма жоқ біздің қақпаға бағытталған кез-келген соққының голға айналатынына ренжимін бе, білмеймін», - деді Әли Әлиев өткен турдағы ойын жайлы.

Айта кетейік, сегізінші турда петропавлдық клуб өз алаңында «Ақтөбені» қабылдап, жауапсыз екі гол жіберген. Қазір «Қызыл-Жар» ҚПЛ-дің турнирлік кестесінде 8 ұпаймен 8-сатыда тұр. Әли Әлиевтің командасы келесі турда 19-шы мамырда «Жетісуға» қонаққа барады. Ал көш басындағы «Ақтөбе» 9-турдың орталық бәсекесінде «Ордабасыны» қабылдамақ. Бұл ойын -18-мамырға жоспарланған.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×