Әли Әлиев: Уэльспен ойынға дайындап отырған джокерлеріміз бар

22.03.2025, 11:58

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерінің міндетін атқарушы Әли Әлиев Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Уэльспен өтетін матч қарсаңында команданың көңіл күйі туралы айтты.

Әли Әлиев: Уэльспен ойынға дайындап отырған джокерлеріміз бар
Айбар Жақсылықов

«Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Матч алдында ойыншылар әрдайым ерекше эмоцияға толы болады. Жігіттер жаңа тарихты жазғысы келеді. Жаттығу барысында ұжымның Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі қуанышты сәттерді қайтадан сезінгісі келетіні байқалды. Әлі құрамды таңдауды ойластырып жатырмыз. Жаттығу кезінде нақтылайтын кейбір жайттар бар. Біз үшін «джокер» бола алатын ойыншылар да жеткілікті», - деді бас бапкер баспасөз-мәслихатында.

Айта кетейік, бұған дейін шабуылшы Рамазан Каримов пен қорғаушы Роман Асранқұловтың жарақатына байланысты Уэльс және Лихтенштейнмен өтетін матчттарға қатыса алмайтыны айтылған. Сондай-ақ, ұлттық құрамаға Бахтиер Зайнутдинов пен Әлібек Қасым да көмектесе алмайды.

Қазақстан бүгін Уэльске қарсы тұрмақ. Ал тағы үш күн өткен соң сыртта Лихтенштейн құрамасымен жолығады.

Бұл екі матч ӘЧ-2026 іріктеуі аясындағы ойындар. Бізден бөлек J тобында тағы Бельгия мен Солтүстік Македония құрамалары да бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×