
Қазақстан құрамасы бас бапкерінің міндетін атқарушы Әли Әлиев Уэльспен болған ойын соңындағы баспасөз-мәслихатында БАҚ-тың сауалдарына жауап берді.
Әли Әлиев, Қазақстан құрамасы бас бапкерінің міндетін атқарушы:
- Вороговский мен Тапалов тактикалық тұрғыда жақсы өнер көрсетіп шықты. Допты тартып алған соң жоғалтуға болмайды. Олар да ойынның осы компонентін шыңдауға ниетті. Техника тұрғысынан оларға Марсело мен Алвес болу қиын. Олардың шеберлік шегін бұдан ары көтере алмаймыз. Дайын болған кездерінде енді шабуылшыларға көмектесулерін сұраймыз. Алаңның жоғары бөлігіне көтерілулері керек».
Айта кетейік, кеше ұлттық команда ӘЧ-2026 іріктеу аясында Кардиффте Уэльспен кездесіп, 1:3-пен есе жіберді. Қазақстан сапындағы жалғыз голды капитан Асхат Тағыберген пенальтиден салған болатын. Енді Әли Ханәліұлының командасы 25-наурызда Лихтенштейн құрамасымен шеберлік байқасады.
Біздің серіктес: FONBET