«Аладоп.кз» белгілі бапкер Болат Есмағамбетовпен хабарласып, құрама тізгінін ұстауы мүмкін кандидаттар туралы сұраған болатын.
Отандық маман көлемді сұқбатта осы және өзге де мәселелер төңірегінде тұщымды әңгіме айтты.
- Болат Жолдасұлы, соңғы жағдайлардан кейін Әли Әлиев кетуі ықтимал. Оның орнына өзімізден кімді лайықты көресіз? Шетелден жаттықтырушы керек деген пікірлер де естеліп қалып жатыр...
- Әлиевтің алдында менен журналистер өзі де сұраған «құрамаға кім бас бапкер болуы мүмкін, сіз кімді таңдар едіңіз?» деп. Сырттан іздемей, өзіміздің бапкерлерге сенім арту керектігін сол кезде да айтқан едім. Нұрбол Жұмасқалиевті ұсынғам. Қазір оның «Тобылы» бірінші орын үшін «Астанамен» таласып келеді. Меніңше, құрамаға сол жігітті қою керек. Бастапқыда әрине бас бапкер міндетін атқарушы етіп тағайындап көрген жөн. Бірақ өзінің штабы болуы керек, өзі таңдауы тиіс көмекшілерін. Дәл қазір бізге шетелден маман керек емес. Өзіміздің де жігіттер бар. Нұрбол футболшылардың барлығын біледі. Бір жағынан Жұмасқалиевті таңдау барынша «безболезненный» дейді ғой, жеңіл өтер еді. Оған мына іріктеу аяқталғанша мүмкіндік беріп көру керек. Содан кейін өзі де белгілі бола жатар.
Бельгияға қарсы ойыннан кейін бас бапкер Әли Әлиев қызметтен кететінін мәлімдеген болатын. Қазақстан 5 турдан кейін 3 ұпаймен төртінші орында тұр. Кеше ұлттық құрама Брюссельде 0:6 болып ойсырай ұтылған.