Қазақстан Ұлттық құрамасының қорғаушысы Әлібек Қасым мансабын елордалық клубта жалғастырады, деп хабарлайды Aladop.kz.
Ойыншының “Ақтөбеден” “Астанаға” ауысу туралы ақпаратты команданың бас жаттықтырушысы Григорий Бабаян ресми түрде растады.
Legalbet.kz тілшісіне берген қысқаша сұхбатында Бабаян Әлібектің қазірдің өзінде команда сапында екенін айтты:
“Иә, Әлібек бізбен бірге. Қазір ол “Астана” сапында доп тебуде. Жаттығу жиындары өте қарқынды өтіп жатыр, уақыт тығыз болғандықтан, жұмысқа бірден кірісіп кеттік.” — деді Григорий Бабаян.