"Интер Майамидің" кезекті трофейге деген мүмкіндігі тағы да үзілді. 2025 жылғы Лигалар Кубогының финалында "Ситл Саундерсэ жеңіске жетіп, Америкалық клуб үшінші жүлдеден қағылды. Даулы сәттерге толы матчтан кейін клуб енді MLS маусымын барынша сәтті аяқтауға назар аударуға мәжбүр.
Дүйсенбі күні Лионель Месси жанкүйерлеріне әлеуметтік желі арқылы үн қатты.
"Біз соңына дейін күрестік, бірақ бұл жолы сәтті болмады. Алға қарай өзімізге керегін алып, осы маусымдағы мақсаттарымызға жету үшін барымызды саламыз.” – деп жазды.
Айта кетерлігі, 2025 жыл "Интер Майами” тарихындағы ең ауыр маусымдардың бірі болып отыр. Команда бір мезетте төрт жарысқа қатысты. MLS, КОНКАКАФ Чемпиондар кубогы, Клубтық Әлем чемпионаты және Лигалар Кубогы.
Хавьер Маскерано баптайтын ұжым MLS плей-оффына жолдама алу үшін қарқынын жоғалтпауы тиіс. Қыркүйектегі ФИФА күнтізбесінен кейін команда лигада мықты нәтиже көрсетуге міндетті. Ендігі сынақ Шығыс конференциясында үшінші орында тұрған "Шарлотт ФК”-мен сырт алаңдағы ауыр кездесу.
Қазіргі таңда "Интер Майами” турнир кестесінде алтыншы орында тұр. Жағдай тұрақсыз, сегізінші орында келе жатқан "Коламбус Крю” (46 ұпай) мен тоғызыншы "Нью-Йорк Сити" (44 ұпай) өкшеден басып келеді. Бұл орындар командаларды плей-оффқа шығу үшін қосымша "уайлд-кард” ойынын ойнауға мәжбүрлейді.
13 қыркүйекте Солтүстік Каролинада өтетін матчтан кейін Месси бастаған команда өз алаңында қайтадан "Ситл Саундерсті” қабылдайды. 16 қыркүйектегі бұл кездесу Лигалар Кубогы финалындағы жеңілістің есесін қайтару мүмкіндігі ретінде қарастырылуда.
Бірақ қиындық аз емес, төрт күннің ішінде Маскерано шәкірттері жоғары деңгейде ойнап қана қоймай, ұлттық құрама сапарынан оралған Месси, Родриго Де Пауль, Теласко Сеговия сынды негізгі ойыншыларды қатарға қосуы тиіс. "Интер Майами" үшін маусымның ауыр сынақтары әлі де жалғасуда.