Лиганың финалынан гөрі неміс командаларының ойынын тамашалау қиынырақ. Неге?

24.01.2019, 09:26
Лиганың финалынан гөрі неміс командаларының ойынын тамашалау қиынырақ. Неге?
«Transfermarkt» порталында бүкіл әлемдік футбол матчтарындағы жанкүйерлер санының статистикасын зерттей келе, біз қызықты ақпаратқа кезіктік. Төменде 2019 жылғы 14 қаңтардағы әлемде ең көп баратын жиырма футбол клубтарының тізімі мен салыстыру үшін тағы төрт ресейлік клуб берілген. Біз жай ғана бірнеше қызықты мәліметтерді атап өтеміз. Біріншіден, тізімде тек қана еуропалық клубтар. Екіншіден, үздіктердің тізімінде төменгі лигадан тек бір клуб бар - «Гамбург». Үшіншіден, таңғаларлығы - тізімде Шотландия, Голландия және тіпті Ресейлік клубтар бар, бірақ Еуропа лигаларындағы үздік бестікке кіретін Франциядан бірде-бір команда жоқ. Төртіншіден, «Үздік-20» топтамасының соңына Ресейден петерборлық «Зенит» жайғасты. Біз үшін «Үздік-20» топтамасына еуропалық емес клубтардың енбеуі өкінішті болды. Сондықтан біздер еуропалық емес командалардың арасында ең көп халық жинаған үздік ондық топтамасын құрдық. Біріншіден, күтпеген жерден рейтингті Ирандық «Трактор Сази» клубы бастады. Ол тіпті аты аңызға айналған аргентиналық «Боканың» алдына шықты. Екіншіден, алғашқы ондықта тек үш ел ғана бар: Иран, Аргентина және Мексика. Үшіншіден, сіз көріп отырғандай, олардың барлығы Ресейдің екінші командасы «Спартактан»  әлдеқайда алда. Әуел бастан әлемде қай клубтың стадионы жанкүйерге толатыны біз үшін қызықты болды. Бұл тұрғыда есімізге лезде трибуна толымдылығын 99%  жинап, рейтинг орнатқан «Боруссия» түсті. Расында, жанкүйерлер жиналуы жағынан клубтар тізімінде «Боруссия» бестікке де ілінбепті. Ал бірінші орынға Германияның үшінші лигасының «Мюнхен 1860» клубы  жайғасты. Осы маусымда мюнхендік аяқдопшылар өз алаңында 11 ойын өткізген. Маусым бойы стадион лық толып, сатылмай қалған бір билет те болмаған. «Мюнхен 1860» клубының ойынын тамашалау- чемпиондар Лигасының финалынан да қиынырақ. Ойынға билет сатып алу мүмкін емес. Себебі, аты аңызға айналған клуб Германияның үшінші лигасына түсіп қалғалы, стадионын өзгертіп, 15 мың ғана адамдық аренада ойнайды. Екінші орында мюнхендік «Бавария» тұр. Жоғарыда айтылған екі командадан басқа стадионды маусым бойы 100% толық жинаған ешқандай клуб жоқ. Үздік ондыққа жайғасқан командалардың сегізі - неміс клубтары. Тек голландиялық «НАК Бреда» мен «Де Графсхап» қана неміс командаларымен иық тірестіріп тұр.

Ырысты ҚАДІРБЕК

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×