Бүгін Конрад Фюнфштюк командасы Қазақстанға қарсы кезекті ойынын өткізеді.
Жалпы 2025 жылы Лихтенштейн құрамасы жолдастық кездесу аясында Шотландиядан 0:4 есебімен, Әлем чемпионаты іріктеуінде Солтүстік Македония (2 ойын: 8:0), Қазақстан 2:0, Уэльс 3:0 және Бельгия 6:0 есебімен жеңілді.
Осы жылдың аясында өткізген 6 матчта Лихтенштейн ұжымы қарсылас қақпасына бірде-бір гол соға алмаған.
Соңғы рет Конрад Фюнфштюк командасы 2024 жылдың қараша айында Сан-Мариномен кездесіп, Арон Селенің көмегімен қарсылас қақпасына бір гол соқты. Алайда команда матч есебін ашқанымен, 90 минут қорытындысы бойынша 1:3 есебімен есе жіберді.