Лихтенштейн құрамасының бапкері кімнің өнеріне тәнті? Шетелдік маман Қазақстан құрамасының ойыншылары жайлы жақсы пікірде

25.03.2025, 15:51

Лихтенштейн құрамасын жаттықтыратын Конрад Фюнфштюк Meta-ratings.kz-пен Қазақстан құрамасының Уэльске қарсы кездесудегі өнері жайлы әсерімен бөлісті. 

Лихтенштейн құрамасының бапкері кімнің өнеріне тәнті? Шетелдік маман Қазақстан құрамасының ойыншылары жайлы жақсы пікірде
Уэльс - Қазақстан кездесуі

«Қазақстанға қатысты... Бір жағынан бұл күні Уэльс құрамасының тарапынан керемет ойынды тамашаладық. Алайда, Қазақстан да өзінің мықты тұстарын көрсете алған еді. Олардың қапталдары қауіп төндіреді, мүмкіндігін дереу пайдаланып кетуге тырысатын жылдам ойыншылары бар. Олар әсіресе бірге-бір шыққанда аса қауіпті. Екінші голдан кейін олардың таразы басын теңестіретін жақсы мүмкіндігі болған, мұның өзі біраз дұниеден хабар береді. Бұл ойыншыларының жастығына қарамастан өте жақсы ұйымдасқан, шеберлігі жоғары футболшылардан жасақталған тәжірибелі команда», - деді Лихтенштейн құрамасының бас бапкері. 

Айта кетейік, ұлттық команда ӘЧ-2026 іріктеу аясында Кардиффте Уэльспен кездесіп, 1:3-пен есе жіберді. Қазақстан сапындағы жалғыз голды капитан Асхат Тағыберген пенальтиден салған болатын. Енді Әли Ханәліұлының командасы бүгін Лихтенштейн құрамасымен шеберлік байқасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×