Лихтенштейнмен бірінші минутта Дастан Сәтпаев шыға ма? Бас бапкердің негізгі құрам жайлы пікірі

25.03.2025, 14:35

Қазақстан құрамасы бас бапкерінің міндетін атқарушы Әли Әлиев тілшілердің Лихтенштейн құрамасымен болатын ойындағы негізгі құрам ойыншыларына байланысты сауалдарына жауап берді.

Лихтенштейнмен бірінші минутта Дастан Сәтпаев шыға ма? Бас бапкердің негізгі құрам жайлы пікірі
Дастан Сәтпаев Уэльс - Қазақстан кездесуінде

- Лихтенштейнмен болатын ойында құрамда қандай өзгерістер болады? Дастан Сәтпаев пен Ғалымжан Кенжебек матчты бірінші минуттардан бастауға дайын ба? 

- Жастарға қатысты айтсақ. Максим Самородов 22-де, Ислам Чесноков -26, Кенжебектің жасы 21-де. Жастардың қайсысын құрамға қоссам деп басым қатып отыр. Осындай жағымды бас ауруы бар. Самородовтың тәжірибесі көбірек, сол үшін негізгі құрамда бастайды. Осыған дейін кімдердің алаңға шыққанын көрдіңіздер. Сәтпаев пен Кенжебекті шығардым, бірақ ол жерде басқаша да ойнауға болатын еді ғой. Асығыстық танытпайық. Бұл футболшылар біздің болашағымыз және пайдасын тигізбек. Қалай талпынып жүргендеріне куәмін». 

Уэльспен болған ойынның соңында Дастан Сәтпаев пен Ғалымжан Кенжебек алаңға шыққан. Ал Максим Самородов кездесуді негізгі құрамда бастады. 

Қазақстан ӘЧ-2026 іріктеуінің аясында өзінің екінші кездесуін өткізеді. Бүгін ұлттық команда Лихтенштейнге қарсы кездесу өткізбек. Бұл матч біздің уақытпен 00:45-те басталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×