Лихтенштейннің бас бапкері: әуесқойлар Қазақстанның кәсіби ойыншыларынан көбірек жүгірді

26.03.2025, 10:30

Лихтенштейн - Қазақстан құрамасының 2026-жылғы әлем чемпионатының іріктеуі аясындағы ойыннан кейін болған баспасөз-мәжілісінде алаң иелерінің бас бапкері Конрад Фюнфштюк журналистердің сұрағына жауап берді.

Лихтенштейннің бас бапкері: әуесқойлар Қазақстанның кәсіби ойыншыларынан көбірек жүгірді
Лихтенштейн құрамасының бас бапкері

«Біздің құрамда Швейцарияда ойнайтын төрт кәсіби футболшы бар. Қалғандарының бәрі – футболды жан-тәнімен сүйетін жай әуесқой ойыншылар. Олардың басқа негізгі жұмыстары бар. Бүгін біз 114 шақырым жүгірдік, ал Қазақстан құрамасы  – 107. Демек, әуесқойлар Қазақстанның кәсіби ойыншыларынан көбірек жүгірді деген сөз. Осы кәсіби футболшылар – біздің құраманың негізгі тірек ойыншылары. Бізде кәсіби ойыншылардың болғанына өте қуаныштымын», - деді К. Фюнфштюк матчтан кейін.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы сырт алаңда Лихтенштейнді 2:0 есебімен жеңді. Ұлттық құрама сапынан Максим Самородов пен Александр Марочкин мергендік танытқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×